Қазақстандық GovTech, немесе цифрландырудың платформалық моделіне көшу

6 қазан күні IT нарығының өкілдері және ҚР Цифрлық даму министрлігімен бірге орталық қызметкерлерінің Цифрландырудың платформалық моделіне көшуі және «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасының мақсатты архитектурасы бойынша әзірлеген Тұжырымдамасы талқыланды. 

«Цифрлық үкіметтің» түбегейлі жаңа архитектурасын құру қажеттігі Мемлекет басшысының «Халық бірлігі мен жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты жолдауында айтылды. Мұндай жағдайда мемлекеттік сектордың барлық IT-бастамалары тек қана қазақстандық GovTech-тің жаңа платформасына негізделетін болады. 

Цифрландыру платформасының моделі ведомствоаралық өзара іс-қимыл мәселелерін тиімді шешуді, деректер бірлігі мен мемлекеттік басқару процестерінің реинжинирингіне негізделген, қолданыстағы мемлекеттік ақпараттық жүйелерді біріктіруді көздейтін бірыңғай интеграцияланған ұйымдық-техникалық экожүйені қалыптастыруды қамтамасыз етуі тиіс. 

Платформалық шешімнің мәні – транзакциялар тарихына және ақпаратқа, сонымен қатар, белгілі бір технология жинақтарында («stack») және «open source» принципіне сәйкес жазылған бағдарламалық құралды пайдалануға негізделген, бірыңғай құрамдас бөліктерді қолдау және қызметтерді қайта пайдалану, деректер мен проактивті сценарий қызметтерін ұсыну болып табылады. 

Кездесу барысында Тұжырымдама жобасына қатысты сындарлы ескертпелер мен игі ұсыныстар жасалынды, олар тиісті құжаттардың соңғы нұсқаларында міндетті түрде ескерілетін болады.