Шетелдік БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз мәслихаты

2022 жылы 12 қазанда Ахуалдық орталықта Германия, Франция, Испания және басқа да елдердің БАҚ өкілдерімен кездесу өтті. Бұл пресс-турды Freedom Holding корпорациясы ұйымдастырды.
Кездесу барысында GovTech жобалары таныстырылды. «Біз журналисттерге азаматтардың Үкіметпен өзара байланысы үшін қарапайым, қауіпсіз әрі тиімді жағдай жасаудың маңызы жөнінде айтып, алға қойған мақсаттарымызбен бөлістік», – деді Б.Мусин.


Сондай-ақ кездесу барысында «Цифрлық үкіметті қолдау орталығының» бас директоры Р.Бигари журналисттерге мемлекеттік басқарудағы цифрлық трансформация жобалары туралы айтып берді.
Біз цифрландыру саласындағы жетістіктерімізді көрсету мүмкіндігін берген Freedom Holding корпорациясына алғыс айтамыз.

Цифрлық үкіметті қолдау орталығы – мемлекеттік басқару жүйесіндегі цифрлық трансформациялаудың методологиялық өзегі

2022 жылы 29 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 765 қаулысына сәйкес біздің Орталық мемлекеттік басқарудағы цифрлық трансформацияны жүзеге асыру үшін методологиялық және ұйымдастырушылық сүйемелдеу көрсететін заңды тұлға болып бекітілді.

Ағымдағы жылдың мамыр айында Орталық электронды үкімет қызметінің интеграторы ретінде, ал одан да ертерек, наурыз айында цифрлық трансформация бағдарламаларын іске асыру бойынша бизнес процестерді реинжинирингтік қызмет көрсетушісі (G2C, G2B, G2G) ретінде анықталған болатын.

Қазақстандық GovTech, немесе цифрландырудың платформалық моделіне көшу

6 қазан күні IT нарығының өкілдері және ҚР Цифрлық даму министрлігімен бірге орталық қызметкерлерінің Цифрландырудың платформалық моделіне көшуі және «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасының мақсатты архитектурасы бойынша әзірлеген Тұжырымдамасы талқыланды. 

«Цифрлық үкіметтің» түбегейлі жаңа архитектурасын құру қажеттігі Мемлекет басшысының «Халық бірлігі мен жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты жолдауында айтылды. Мұндай жағдайда мемлекеттік сектордың барлық IT-бастамалары тек қана қазақстандық GovTech-тің жаңа платформасына негізделетін болады. 

Цифрландыру платформасының моделі ведомствоаралық өзара іс-қимыл мәселелерін тиімді шешуді, деректер бірлігі мен мемлекеттік басқару процестерінің реинжинирингіне негізделген, қолданыстағы мемлекеттік ақпараттық жүйелерді біріктіруді көздейтін бірыңғай интеграцияланған ұйымдық-техникалық экожүйені қалыптастыруды қамтамасыз етуі тиіс. 

Платформалық шешімнің мәні – транзакциялар тарихына және ақпаратқа, сонымен қатар, белгілі бір технология жинақтарында («stack») және «open source» принципіне сәйкес жазылған бағдарламалық құралды пайдалануға негізделген, бірыңғай құрамдас бөліктерді қолдау және қызметтерді қайта пайдалану, деректер мен проактивті сценарий қызметтерін ұсыну болып табылады. 

Кездесу барысында Тұжырымдама жобасына қатысты сындарлы ескертпелер мен игі ұсыныстар жасалынды, олар тиісті құжаттардың соңғы нұсқаларында міндетті түрде ескерілетін болады.