Атанаева Мираим
Chief Senior director
Email: m.atanayeva@govtec.kz
Телефон: +7 (7172) 735 295
Жобаларды мониторингтеу және басқару орталығының жұмысы келесі екі бағыт бойынша жүргізіледі:
1) Қазірдің өзінде құрылған «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің көмегімен жобалардың орындалу мониторингін қамтамасыз ету;
Ұйымды деректер негізінде басқару, сондай — ақ жобалық менеджментті енгізу кезінде деректерді түсініп, оларды визуалды бейнелеп, талдай білуіңіз керек. — Осы талдау негізінде болжамдар құрып, басқару шешімдерін қабылдай білу керек.
Осы бағыт шеңберінде Орталық Тапсырыс берушінің деректерін жинауды және талдауды, берілген көрсеткіштерден ауытқуларды қадағалауды және уақтылы ден қоюды жүргізеді, нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізу жолдары бойынша ұсынымдар береді.
Орталық жобалық қызметті сараптамалық және техникалық сүйемелдеу және Ұлттық жобалық кеңсені қолдау жөніндегі жобаны сүйемелдейді.
2) «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту жөніндегі жобаларды басқару. ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту жөніндегі жобаларды басқару.
Деректермен жұмыс істеудің тиімді құралдары ақпараттық жүйелер – «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері, олар тұтастай алғанда ашықтық пен айқындылықты арттыруға, коммуникацияны оңтайландыруға және жобалардың бағыттарын анықтауға көмектеседі.
Орталық басқа ақпараттық жүйелермен және дерекқорлармен интеграциялауды қоса алғанда, ақпараттық жүйелерді және күрделілігі орташа және жоғары дәрежедегі басқа жобаларды құру және дамыту бойынша өз қызметтерін ұсынады.
Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін Орталық жобалық топты (жобалық менеджер, бизнес-кеңесші, әзірлеуші, IT-архитектор, тестілеу жөніндегі маман және дизайнер) қалыптастыратын жоғары білікті мамандарды тартады, олар жобаны жүзеге асырудың толық циклін әзірлеуден бастап ақпараттық жүйені енгізуге дейін, сондай-ақ оны дамытуды сүйемелдейтін болады.
Мұндай жүйелерді пайдалану және одан кейінгі жұмыстың ашықтығы артық шығындар мен қателіктердің себептерін оңай анықтауға, шығындарды оңтайландыруға және шығындарды тиімді азайтуға мүмкіндік береді (уақытша, қаржылық және еңбек). Осы бағыт шеңберінде Орталық «Жобалық басқару жүйесі», жобасымен айналысады, оның негізгі міндеті мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту, мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимыл мәселелерін түбегейлі қайта қарау.