Биғари Рүстем Айдарбекұлы

Бас директор

2022 жылдың ақпан айынан бастап Цифрлық үкіметті қолдау орталығы бас директоры қызметін атқарып келеді.

Толығырақ

Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін «Информатика және есептеу техникасы» мамандығы бойынша тәмамдаған соң, 1999 жылы кәсіби қызметін Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстандағы Даму бағдарламасында бастады.

2003 жылы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-да жұмыс істей бастады және мемлекеттік деректер қорын құруға, мемлекеттік органдар үшін электрондық құжат айналымын енгізуге атсалысты.

После чего в 2006 году перешел на государственную службу в качестве главного эксперта Администрации Президента.  С 2009 по 2018 год занимал должность заместителя заведующего Отделом информатизации и защиты информационных ресурсов Администрации Президента РК. С 2018 по 2021 год — вице-министр образования и науки Республики Казахстан.

«Электрондық үкіметті» қалыптастыру және дамыту бағдарламаларын және «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын әзірлеуге қатысты.

2015 жылы Бостон университетін (АҚШ) «Ақпараттық жүйелер» магистрі дәрежесін «Киберқауіпсіздік» мамандығы бойынша бітірді, «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты.

Информатика, бақылау және менеджмент саласында PhD дәрежесі бар.

Досмухамбетова Ғалия Байжанқызы

Бас директордың орынбасары

2022 жылдың сәуір айынан бастап Цифрлық үкіметті қолдау орталығы бас директорының орынбасары болып қабылданды.

Толығырақ

Ғалия Байжанқызы 2005 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Әлемдік экономика» мамандығы бойынша тәмамдады. 2009 жылы кәсіптік қызметін қаржы, банктік тәуекелдер, салықтар, мемлекеттік қаржыны басқару, мемлекеттік қаржы пәндері бойынша аға оқытушы ретінде бастады.

2013 жылдан бастап «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-да жұмыс істей бастады. Осы жылдар ішінде түлектермен жұмыс бөлімінің бас менеджері, Азия, Океания және ТМД елдері департаментінің бөлім меңгерушісі, оқу ісі жөніндегі вице-президенті, қаржылық мәселелер жөніндегі вице-президенті қызметтерін атқарды.

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-да «Болашақ» халықаралық стипендия иеленушілерін қаржыландыру бойынша, IT қызметке, әкімшілік-шаруашылық қызметіне жетекшілік етті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың экономика ғылымдарының кандидаты(PhD) дәрежесіне ие.

«Болашақ» бағдарламасы бойынша, Durham Университетінде (Ұлыбритания) оқып, корпоративтік және халықаралық қаржы саласында магистр дәрежесін алды.

«Қаржылық риск менеджері» мамандығы бойынша МВА дәрежесі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің магистрі.