Сараптама орталығы

Жакетов Жаркын Байжанович

Senior director

Телефон: +7 (7172) 621 447

Сараптама орталығы жыл сайын облыстардың және Республикалық маңызы бар қалалардың орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарының ақпараттық технологияларын қолдану жөніндегі қызметтің тиімділігіне операциялық бағалау жүргізеді. Бағалау келесі критерийлер бойынша Әдістемеге* сәйкес жүргізіледі:

1. Архитектура порталын толтыру жөніндегі мәліметтерді есепке алу;

2. Орталық мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін интеграциялау;

3. «Ақылды қалалар» бастамаларын іске асыру және негізгі көрсеткіштерге қол жеткізу;

4. Ақпараттық жүйелер мен дерекқорлардағы мәліметтердің өзектілігі;

5. Мемлекеттік органдардың функцияларын автоматтандыру;

6. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріндегі жергілікті қамтудың үлесі;

7. Пайдаланылмаған ақпараттық жүйелер мен дерекқорлардың болуы.

Әдістеме 2020 жылы бекітілген, қазіргі уақытта өзгерістер мен толықтырулар енгізу қарастырылуда