Биғари Рүстем Айдарбекұлы
Бас директор
2022 жылдың ақпан айынан бастап «Цифрлық үкіметті қолдау орталығы» ШЖҚ РМК бас директоры.
Рүстем Айдарбекұлы Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін «Информатика және есептеу техникасы» мамандығы бойынша тәмамдағаннан соң, кәсіби қызметін Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасынан бастады.
В 2003 жылы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-да жұмысын бастап, Мемлекеттік деректер базасын құруға, мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымын енгізуге қатысты.
Осыдан кейін 2006 жылы Президент Әкімшілігінің бас сарапшысы ретінде мемлекеттік қызметке ауысты. 2009 жылдан 2018 жылға дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің Ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды. 2018 жылдан 2021 жылға дейін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі болды.
«Электрондық үкіметті» қалыптастыру және дамыту бағдарламаларын және «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын әзірлеуге қатысты. 2015 жылы Бостон университетінің (АҚШ) «Ақпараттық жүйелер» бойынша магистрлік дәрежесін «Киберқауіпсіздік» мамандығы бойынша бітірді.
«Болашақ»бағдарламасының стипендиаты.
Информатика, бақылау және басқару бағыты бойынша PhD ғылыми дәрежесі бар.
Досмухамбетова Ғалия Байжанқызы
Бас директордың орынбасары
2022 жылдың сәуір айынан бастап «Цифрлық үкіметті қолдау орталығы» ШЖҚ РМК бас директорының орынбасары.
Ғалия Байжанқызы 2005 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Әлемдік экономика» мамандығы бойынша бітірді. 2009 жылы кәсіби қызметін қаржы, банктік тәуекелдер, салықтар, мемлекеттік қаржыны басқару, мемлекеттік қаржы пәндерінің аға оқытушысы ретінде бастады.
2013 жылдан бастап «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-да жұмыс істеді. Әр жылдары түлектермен жұмыс бөлімінің бас менеджері, — Азия, Океания және ТМД елдері бөлімінің бастығы, академиялық мәселелер жөніндегі Вице-президент, қаржы мәселелері жөніндегі вице-президент болып жұмыс істеді.
«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-да «Болашақ» халықаралық стипендиясының стипендиаттарын қаржыландыру, IT қызметі, әкімшілік-шаруашылық қызметтері мәселелеріне жетекшілік етті.
«Экономика» мамандығы бойынша PhD ғылыми дәрежесі бар, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті.
«Болашақ» бағдарламасы арқылы «Корпоративтік және Халықаралық Қаржы» мамандығы бойынша MSc дәрежесін алды, Durham University (Ұлыбритания).
«Қаржылық тәуекел-менеджер» мамандығы бойынша МВА дәрежесі бар, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің магистратурасы.
Төлешов Яхия Жаңабайұлы
Бас директордың орынбасары
2024 жылдың желтоқсан айынан бастап «Цифрлық үкіметті қолдау орталығы»ШЖҚ РМК бас директорының орынбасары.
Яхия Жаңабайұлы 1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «Қолданбалы математика» мамандығы бойынша бітірген. 1991 жылы Жәутіков атындағы РФММ түлегі.
Яхия Жаңабайұлының кәсіби қызметі Procter & Gamble халықаралық компаниясының Қазақстандық филиалында жүйелік талдаушы лауазымынан басталды. 10 жыл ішінде жергілікті филиал процестерін цифрландырудан аймақтық және одан әрі компанияның Ұлыбританиядағы кеңсесінен жаһандық ауқымға дейін кеңейді.
2011 жылы Accenture компаниясында кеңесші болып жұмыс істей бастады, онда клиент ретінде Willis, Boots, CMA CGM, BG және HMRC Ұлыбритания үкіметі сияқты ірі компаниялар болды.
2020 жылдан 2024 жылға дейін >«Электрондық қаржы орталығы» АҚ Басқарушы директоры, төраға орынбасары, кейін басқарма төрағасы болып жұмыс істеді.
Яхия Жаңабайұлы алғашқы PMP жобалық басқару бойынша сертификатталған маман және PMI Kazakhstan жергілікті чаптерінің құрылтайшыларының бірі.