
2022 жылы 4 ақпанда Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша «Цифрлық үкіметті қолдау орталығы» ШЖҚ РМК құрылды, ол жобаларды басқару процестерін қолдаудың, мемлекеттік органдар бизнес-процестерінің реинжинирингінің, сондай-ақ «цифрландыру» бойынша нормативтік құқықтық актілер жобаларының қарастырылуының әдістемелік және үйлестіруші (think tank) өзегі болып табылады.
Бұл Орталық Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің 1991 жылғы 26 қыркүйектегі № 564 қаулысымен Қарағанды қаласында ҚазақКСР ҰА Математика және механика институтының қолданбалы математика бөлімінде ашылған «Қолданбалы математика институтын» қайта құру нәтижесінде құрылды.
Қолданбалы математика институтының ұйымдастырушысы және бірінші директоры Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, профессор М.О. Өтелбаев. Кейінірек институтты белгілі математик-профессорлар Т.Г. Мұстафин, Х.Ж. Халманов, Е.С. Смайылов басқарды.
Қолданбалы математика институты қызмет ету кезеңінде бірқатар өзгерістерге ұшырады:
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 желтоқсандағы № 914 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Қолданбалы математика институты» мемлекеттік кәсіпорнының уәкілетті органы болып табылады.
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 қарашадағы № 815 қаулысымен Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Қолданбалы математика институты» РМҚК, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Қолданбалы математика институты» ШЖҚ РМК-ға түрленуі арқылы қайта құрылды.
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 4 ақпандағы № 51 қаулысымен Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Қолданбалы математика институты» ШЖҚ РМК атауы, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Цифрлық үкіметті қолдау орталығы» ШЖҚ РМК болып өзгертілді.
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 наурыздағы № 157 қаулысына сәйкес Орталық цифрлық трансформация бағдарламаларын іске асыру бойынша бизнес-үдерістер реинжинирингін атқарушысы (G2C, G2B, G2G) болып белгіленді.
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 25 мамырдағы № 337 қаулысына сәйкес Орталық «сервистік интегратор» болып белгіленді.
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 29 қыркүйектегі № 765 қаулысына сәйкес Орталыққа мемлекеттік басқаруды цифрлық түрлендіруді ұйымдастырушы-әдістемелік тәсілмен қамтамасыз ету жүктелді.