Жаңалықтар
ҚР Цифрлық даму министрлігінің ұйымдастыруымен Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.
08.11.2024
ҚР Цифрлық даму министрлігінің ұйымдастыруымен Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Министр Жаслан Мәдиев құттықтау сөз сөйлеп, цифрландыру саласындағы жетекші мамандарды ерекше атап өтті. Ол цифрлық трансформация мен инновациялық технологиялардың елдің дамуында маңызды рөл атқаратынын айтып, осы бағытта қызмет етіп келе жатқан мамандардың еңбегіне алғыс білдірді.
Министрдің атынан Цифрлық үкіметті қолдау орталығының бірқатар қызметкерлері «Үздік цифрландырушы», «Құрмет грамотасы», және «Алғыс хатпен» марапатталды. Орталық қызметкерлері цифрлық жобаларды сараптау, мәліметтердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, және еліміздің цифрлық болашағын дамыту саласында жоғары біліктілігімен ерекшеленеді.
Комментарии
Комментариев пока нет
Спасибо
Ваш комментарий
был успешно
отправлен