Кенбай Канат Оразтайұлы
Senior director
Email: kkenbay@govtec.kz
Телефон: +7 (7172) 735 298
Цифрлық үкімет офисінің бірыңғай ахуалдық орталығы (бұдан әрі-ЦҮК БАО), Президент Әкімшілігінің рәсімдерін дайындауды және сапалы басқару шешімдерін қабылдауды қамтамасыз етеді. Проблемалық жағдайларды талдауға, ағымдағы жағдайды бақылауға ақпараттық қолдау көрсетеді. Сондай-ақ іс-шараларды жоспарлауды, өткізуді, ақпараттық қолдауды қамтамасыз етеді, мемлекеттік басқаруда, әлеуметтік-экономикалық және басқа да қызмет салаларында болған оқиғаларды талдайды.
Календарь ЕСЦ ОЦПЦҮК БАО
ЦҮК БАО міндеттері
- басқарушылық шешімдерді дайындау мен қабылдауда қолданылатын ақпараттық-аналитикалық жүйелер үшін қажетті ақпаратты талдау;
- мемлекеттік басқарудағы, әлеуметтік-экономикалық және басқа да қызмет салаларындағы инциденттерді жою және олардың салдарын болғызбау жөнінде тиімді басқарушылық шешімдер қабылдауды қамтамасыз ету;
- ахуалдық орталықта өткізілетін іс-шараларға ақпараттық, ақпараттық-анықтамалық және ақпараттық-талдау материалдарын дайындау;
- ағымдағы ахуалды мониторингілеу, проблемаларды жоспарлы қарау, оның ішінде бейнеконференция режимінде іс-шаралар өткізуді қамтамасыз ету;
- ақпараттық-аналитикалық жүйелерді пайдалану негізінде басқарушылық шешімдердің салдарын модельдеу;
- Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің басым міндеттерін іске асырудың стратегиялық мақсаттары мен тетіктері бойынша ұсыныстар әзірлеу;
- әр түрлі ақпараттық жүйелер мен ақпараттық ресурстарды біріктіру;
- басым міндеттерді басқару тәжірибесін жинақтау және жүйелеу;
- ахуалдық орталықтың пайдаланушыларына ағымдағы ақпараттандыруды және ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету;
- ахуалдық орталықта өңделетін ақпаратты қорғаудың қажетті деңгейін қамтамасыз ету;
- мобильді виртуалды жұмыс орнының жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
ЦҮК БАО жобалары
- Ведомстволық есептілікті Автоматтандыру және жүйелеу:
- Есептілікті автоматтандыру
- Таза парақтан реттеу:
- Міндетті талаптар тізілімі;
- Тәуекелдерді басқару жүйесі:
- Бару арқылы профилактикалық бақылау тізімі;
- Біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру кестесі.
- Мемлекеттік ақпараттандыру объектілерінің интеграциясын талдау;
- Жасанды интеллектті дамыту;
- Бизнесті жүргізудің жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалардың тиімділігін бағалау және рейтингін жасау процестерін автоматтандыру;
- Ерте әрекет ету жүйесін қалыптастыру.
2024 жылға арналған жоспарлар
Барлық жобалар өзара байланысты, Қазақстанда кәсіпкерлікті басқару үшін бірыңғай цифрлық платформа қалыптастырады. Олар тәуекел, талап, есеп беру, тізілім және жауап беру процестерін автоматтандырады, деректермен алмасады және МО мен кәсіпкерлер үшін ақпараттың өзектілігін қамтамасыз етеді.