Жаңалықтар
Қаржы жүйесін басқарудағы цифрландыру мәселелеріне арналған Digital Finance Day іс-шарасы өтті
08.11.2024
Жиынға министрліктердің, мемлекеттік компаниялардың және банк секторының, соның ішінде Қазақстан Ұлттық Банкінің, Halyk Bank, Kaspi Bank, Bereke Bank және басқа да қаржы институттары мен іскер топтардың өкілдері жиналды.
Іс-шара кезінде азаматтар мен бизнестің мемлекеттік қызметтерді алудағы өзара байланысын жеңілдетіп, қаржы индустриясындағы цифрлы технологиялардың мүмкіндіктері талқыланды.
ҚР Қаржы министрлігінің цифрландыру бағытындағы жұмыстары ҚР Цифрлық даму министрлігімен бірлесіп жасалынады. Қаржы саласындағы қызметтерді оңтайландырып, халыққа сапалы, жылдам қызмет түрлерін ұсынуда Цифрлық үкіметті қолдау орталығының атқаратын рөлі зор.
Айта кетсек, Қаржы министрлігінің цифрлық картасы бойынша жұмыстар және кедендік рәсімдеу, мемлекеттік аудит, мемлекеттік қарыздар, мемлекеттік сатып алу сынды қызметтердің реинжинирингі әзірленіп, оларды жүзеге асыру процесі жүргізілуде.
Комментарии
Комментариев пока нет
Спасибо
Ваш комментарий
был успешно
отправлен