Об утверждении Графика мероприятий по проведению внутреннего анализа коррупционных рисков #3

2023 жылы 22 қыркүйек күні №89/НК Бұйрығымен Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Цифрлық үкіметті қолдау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің және анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі іс-шаралар кестесі бекітілсін

 Сонымен қатар келесі құрылымдық бөлімшелерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша жұмыс топтары құрылды:

  1. 1. HR және әкімшілік сүйемелдеу қызметінде және Қаржы экономикалық жұмыс және бухгалтерлік есеп қызметінде.
  2. 2. Жобаларды мониторингтеу және басқару орталығында.
  3. 3. Сараптама орталығында.

Құрылған жұмыс топтары Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің және анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі іс-шаралар кестесіне сәйкес келесі бағыттар бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді қамтамасыз етуге тиіс:

1) талдау объектісінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Кәсіпорын құрылымдық бөлімшелерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мерзімі: 2023 жылғы 6 қазаннан 3 қарашаға дейін.