Жаңалықтар
Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Demo Day өткізді.
23.10.2024
Қазақстан РеспубликасыШарада цифрлық вице-министрлер цифрлық платформаларды, электрондық қызметтерді дамытудың және мемлекеттік саладағы бизнес-процестерді оңтайландырудың негізгі аспектілерін талқылайды.
Demo Day мақсаты - мемлекеттік қызметтерді жақсарту, процестерді оңтайландыру және олардың халық үшін тиімділігін арттыру мақсатында озық цифрлық жобаларды таныстыру және талқылау.
2024 жылғы 16 қазанда ҚР Энергетика министрлігі EnergyTech платформасы («Отын-энергетика кешенін басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі» АЖ) базасында жылыту кезеңінің дайындығы мен өтуіне мониторинг жүргізу жүйесін ұсынды.
Сондай-ақ шара барысында Цифрлық үкіметті қолдау орталығынан Алмат Қайрақбаев, Даир Аманкулов және Тимур Тұрсынбаев «Энергетика» доменінің тұжырымдамалық моделі және бизнес-процестерді реинжинирингте қолданылатын тәсілі тақырыбында баяндама жасап, цифрландыруға бағытталған іс-шара жоспарымен таныстырды.
Комментарии
Комментариев пока нет
Спасибо
Ваш комментарий
был успешно
отправлен