Цифрлық ғылыми портал құру туралы

Arrow
Назад
Default picture

Жаңалықтар

Цифрлық ғылыми портал құру туралы

29.10.2024

Мемлекет басшысының ғылыми қоғамдастықты қолдауға және басым ғылыми бағыттарды дамытуға бағытталған цифрлық ғылыми портал құру қажеттілігі туралы тапсырмасын орындау шеңберінде ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі және ҚР Цифрлық даму министрлігімен бірлесіп Astana Hub базасында «Ұлттық инновациялық жүйенің бірыңғай терезесі» ақпараттық жүйесін іске қосты.

Цифрлық үкіметті қолдау орталығы ғылым саласындағы сыйлықтар, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алу жұмыстарын қабылдау бойынша кейске реинжиниринг жүргізді. Бұрын бұл процесс қағаз жүзінде орындалатын осы жылдан бастап толықтай автоматтандырылып, электронды нұсқаға ауыстырылды.

Мемлекеттік қызмет пилоттық режимде жұмыс істейді және ҚР Ғылым және жоғары білім министрі мен ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бірлескен бұйрығы негізінде іске асырылды. 

Қызметті автоматтандыру өтінімдерді өңдеу мерзімдерін қысқартады, ғылыми қоғамдастықтың барлық қатысушылары үшін процестің ашықтығы мен қолжетімділігін арттырады, сондай-ақ азаматтардың уақыттық және қаржылық шығындарын айтарлықтай қысқартып, цифрлық үкіметті дамыту жолындағы маңызды қадам болады деп күтілуде.

Комментарии

Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Обязательные поля помечены *

* Имя

* Email

Сайт

* Комментарий

Спасибо

Ваш комментарий

был успешно

отправлен

Send comment