Жаңалықтар
ТМД Экономикалық кеңесінің экономикалық мәселелер жөніндегі комиссиясы қаралды
23.10.2024
2024 жылғы 16 қазанда ТМД Экономикалық кеңесінің Экономикалық мәселелер жөніндегі комиссиясының отырысында «Цифрлық үкіметті қолдау орталығы» ШЖҚ РМК-ға ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы базалық ұйымы мәртебесін беру туралы маңызды шешім қабылданды.
Орталықтың бас директоры Рүстем Биғари отырыста сөз сөйлеп, ұйымның базалық ұйымның функцияларын орындауға толық дайын екенін мәлімдеді. Орталық өз қызметі аясында АКТ саласындағы процестерді әдістемелік және ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етумен айналысады, ТМД-ға мүше елдер арасында ақпарат алмасуды қолдайды, ынтымақтастықты үйлестіруге ықпал етеді, ғылыми зерттеулер жүргізіп, ақпараттық технологиялар саласында білікті мамандарды даярлауға қолдау көрсетеді.
Бұл мәртебенің берілуі ТМД елдері арасындағы цифрлық ынтымақтастықты дамытудағы маңызды қадам болып табылады және АКТ саласындағы интеграция мен озық тәжірибемен алмасуды нығайтуға бағытталған.
Комментарии
Комментариев пока нет
Спасибо
Ваш комментарий
был успешно
отправлен