Жаңалықтар
Цифрлық үкіметті қолдау орталығы телефон арқылы жасалатын алаяқтыққа қатысты сауалнама жүргізді
29.11.2024
Сауалнама нәтижесі бойынша алаяқтардың басым көпшілігі банк өкілдерінің атынан хабарласатыны және олардың негізгі нысанасы 40 жастан асқан азаматтар екені анықталды.
Телефон алаяқтығының алдын алу мақсатында Орталық мемлекеттік органдар, банк және байланыс операторларының өкілдері мен азаматтардың қатысуымен фокус-топ ұйымдастырды.
Кездесу барысында банк және байланыс операторларының өкілдері телефон алаяқтарына қарсы нақты жазаның жоқтығын, құрылғылардың тіркелмейтінін және қолданылатын шаралардың жеткіліксіздігін атап өтті.
Бұл мәселені шешу үшін Орталық мамандары цифрландыру бағытында келесі ұсыныстарын ұсынды:
- Биометриялық сәйкестендіру арқылы абоненттік құрылғыны тіркеу / қайта тіркеу/тіркеуден шығару
- Телефон қоңырауларын бақылау және сүзгіден өткізу
- Stir/SHAKEN технологияларын енгізу
- VoIP платформалары мен GSM шлюздерін лицензиялау
- Екінші деңгейдегі банктер мен сақтандыру компаниялары үшін фишингтен қорғау жүйелерін әзірлеу
Алдағы уақытта азаматтардың, банк және байланыс операторларының ұсыныстары негізінде нақты қадамдар жүзеге асырылатын болады.
Комментарии
Комментариев пока нет
Спасибо
Ваш комментарий
был успешно
отправлен